Бүгінде ковидпен күреске 27 медицина ұйымы тартылды. Жалпы 6096 төсек-орын бар. Төсек-орындардың бос болмауы 90%-тен 50%-ке дейін азайды. Бүгінгі мәлімет бойынша бұл көрсеткіш 42%-ке төмендеді. Пандемияның екінші толқынына дайындық шеңберінде жағдайы ауыр науқастарға арналған бірінші эшелон стационарларындағы инфекция төсек орындарын 1015 орынға көбейтеміз, — деді Алматы әкімі Үкімет отырысында.
Сонымен қатар, ол тамыздың соңына дейін 500 орынға арналған жаңа госпиталь пайдалануға берілетінін айтты.
Қыркүйектің ортасына дейін 300 төсек-орынға арналған тез салынатын тағы бір модуль инфекция госпиталін іске қосамыз. Келесі аптаның басында құрылыс алаңына шығамыз. 1 қазанға дейін екі қонақүйдің базасында жеке инвестициялар есебінен 215 төсек-орын толыққанды ковид емханалар құрылатын болады. Тамыздың соңына дейін патологоанатомия бюросы іске қосылады, — деді Бақытжан Сағынтаев.