Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, ол қазіргі қатаң санитария-дезинфекция режимін сақтай отырып, 3 тамыздан бастап рұқсат етілетін нысандардың жұмысы туралы айтты.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қатаң санитария-дезинфекция режимі нормаларын сақтаған жағдайда, маска тағу және әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда 2020 жылғы 3 тамыздан бастап инфекция репродуктивтілігі бірліктен аз болған жағдайда, сондай-ақ апта ішінде төсек-орындардың 70%-тен төмені бос болмаса, өлім деңгейі түссе, келесі инфрақұрылым нысандарының қызметіне рұқсат етіледі:
— Жұмыс істеу уақыты және күнін шектей отырып, сауда-ойын сауық орталықтары, сауда орындары, сауда орталықтары, жабық азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар;
— Әр топта 5 адамнан аспайтын балалар коррекциялық орталықтар, үйірмелер, білім беру орталықтары, мектепке дейінгі білім беру мекемелері кезекші топтарды ашу режимінде;
— Алдын ала жазылып, сұлулық салондары, шаштараздар, косметика және косметология қызметін көрсететін сұлулық орталықтары, маникюр және педикюр;
— Мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдар, кеңсе қызметкерлері 80/20 пайыз көрсеткішпен жұмыс істеу керек;
— Таза ауада қашықтық сақтай отырып, жеке және топтық жаттығулар жасау; Сонымен бірге ұлттық құрамалар 30-дан астам адам жиналмай, жаттығу жасауға;
— Көшелерде, парктерде, саяжайларда 3 адамнан артық емес топпен серуендеуге;
— Қоғамдық көліктер уақыты шектеулі, маска тағу, кондуктор болу, санитарлық нормаларға сай және 50 пайыздан көп адам отырғызбай жұмыс істеу;
Мына нысандардың жұмысына тыйым салынады:
— Жаппай адам жиналатын шараларға, кинотеатрлар, фудкорттар, көңіл көтеретін ұйымдар, банкет залдары, ресторындар, барлар, түнгі және ойын клубтарының жұмысына әлі де тыйым салу;
— Мәдени шаралар, конференция өткізу, форум, көрме өткізуге тыйым салу;
— Бассейн, фитнес орталықтар, бассейндер, аквапарктер, саяжайлардың жұмысына тыйым салу;
— Діни нысандардың жұмысына тыйым салу;