Филиал директорының айтуынша, мобильді бригадалар емхана мен отбасылық амбулатория жанынан уақытша, тіркелген адам санына қарай «5 мың халыққа — бір мобильді бригада» деген есеппен құрылады. Мобильді бригаданың құрамына дәрігер және медбике, қажет болған жағдайда бейінді маман кіреді.
Жоғары дене қызыуы, ЖРВИ белгілері бар, коронавирусқа немесе пневмонияға күдігі бар пациент жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін, ал қалған уақытта (сағат 18-ден кейін, демалыс, мереке күндері) «103» телефон нөмірі бойынша аумақтық емхананың тіркеу бөліміне жүгіне алады, – деп түсіндірді Бақыт Исмаханбетов.
Емхананың тіркеу бөлімінде чек-параққа қарап пациенттің жағдайын бағалайды. Одан кейін оператор емханадағы фильтр кабинетіне өтуге кеңес беруі мүмкін немесе мобильді бригаданың шығуын ұйымдастырады.
Науқастың тұрған жеріне келген мамандар оны алғашқы тексеруді, ПТР-тестілеу жүргізеді, көрсеткіштер бойынша рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдама береді. Олардың міндеттеріне пульсоксиметрия жүргізу, қандағы оттегінің сатурациясы 93%-тен төмендеген жағдайда қажет бейінді маманмен аудио-немесе бейне кеңес беруді ұйымдастыру да кіреді. Осыдан кейін дәрігерлер дәрі-дәрмектерді тағайындайды және пациенттің үйде емдеу немесе стационарға жатқызу туралы мәселені шешеді.
Егер ауру үйде қалса, оның жағдайын бақылау үшін күнделікті емханадан қонырау шалуы керек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №666 бұйрығына сәйкес тізімнен тегін дәрі-дәрмек беруі тиіс. Сонымен қатар, көрсеткіштер болған жағдайда бейінді мамандардың қашықтықтан консультациясы беріледі. Бұдан басқа, клиникалық хаттама бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, айғақтары болған жағдайда үйдегі стационар ашылуы мүмкін.
Қордың облыстық филиалдың директоры төлейтін қызметтердің сапасын жақсарту үшін пациенттер шағым, ұсыныстарымен «1406» байланыс орталығына жүгінуге, оларды Qoldau24/7 мобильді қосымшасында қалдыруға болатынын ескертеді.