Бағдарлама кезінде командалар жобаларын дамытып, тәлімгерлермен және трекерлермен жұмыс істейді. Қатысу тегін.

MVP сатысындағы немесе прототипті әзірлеу кезеңіндегі стартаптар өтініш бере алады. Оған қоса, командада екі  негізгі қатысушысының болуы міндетті.

Іріктеуден өткен үздік стартаптар Astana Hub акселераторына келіп түседі. Бағдарлама аясында:

— 12 апта оқыту;
— Түсімнің 5-10 есе өсуі;
— Стартаптың болашағын егжей-тегжейлі жоспарлау;
— Маркетинг, талдау және сату бойынша ақпарат;
— Халықаралық нарықтарға шығу.

Astana Hub
Фото: Astana Hub баспасөз қызметі

Алдағы акселератордың 9-легі онлайн режимде өтеді, яғни әлемнің кез келген жерінен онлайн білім алуға болады. Әрбір ағынға стартаптардың шектеулі саны ғана қабылданады. Сондықтан ресми сайтқа өтіп, қатысуға өтініш беруге асығыңыз.

Әлемдегі коронавирус пандемиясының салдарынан туындаған қаржы және экономикалық дағдарысқа қарамастан, өткен акселератор ағынының стартаптары (7-лек) сатылымдарын 28,7 миллион теңгеге арттырған. Ал акселерациялық бағдарламаның соңында сатылымның жалпы сомасы 114 миллионнан асты. Е-commerce, білім беру, виртуал және толықтырылған шындық, финтех, жылжымайтын мүлік, компаниялардың бизнес-үдерістерін автоматтандыру және тағы басқа саладағы жобалар қарастырылды.

Қазіргі уақытта Astana Hub акселерация бағдарламасына 169 стартап өтті. Акселерациялық бағдарламаның қорытындысы бойынша Demo Day іс-шарасы өтеді. Онда үздік стартаптар инвесторлар алдында жобаларын таныстырады. Түлектердің басты міндеті — стартап-жобаларды әлеуетті инвесторларды қызықтыратындай етіп таныстырып, жобаларын дамыту үшін инвестиция тарту.