Дүниежүзілік пандемия бұқаралық ақпарат құралдары саласына кері әсерін тигізіп жатыр. Қазақстан теленарығындағы жарнамадан түсетін табыс күрт төмендеді. Осы күнге дейін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Tamasha TV телеарнасы жарнамадан түсетін табыс негізінде қаржыландырылып келген, — делінген ведомствоның Telegram-каналында.
Tamasha TV телеарнасы Қазақстанда ойын-сауық бағытындағы алғашқы арна болды. Ол 2018 жылдың 1 қыркүйегінде эфирге шыққан еді.