Арақ пен темекі бағасын өсіру туралы заң қабылданды

2017 жылы алгокольдік өнімнің 1 литрі үшін акциз мөлшері (тұтыну тауарларының және көрсетілетін қызметтердің бағасына қосымша салынатын салықтың бір түрі) 2000 теңге көлемінде белгіленбек.

2019 жылы салық 2550 теңгеге дейін өседі. Осылайша, қазіргі уақыттағы акцизбен салыстырғанда 85 пайызға артады. Сыра және сыра сусындарының 1 литрі үшін акциз 2017 жылы – 39 теңге, 2019 жылы – 57 теңгеге дейін ұлғаяды.
Ал темекі өнімдерінің 1000 данасы үшін 2017 жылы 6200 теңге, 2019 жылы 8700 теңге мөлшерінде салық салынады. Бүгінгі күнмен салыстарғанда акциз өсімі 74% болады.

Алкоголь өнімдерін экспорттау кезінде қосарланған салық салуды болдырмау және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында алкоголь өнімдерін өндіру үшін өндірісте пайдаланылатын этил спирті акцизінің нөлдік мөлшерлемесін белгілеу ұсынылады. Ресей мен Беларусьте де осылай босатылған.

Сонымен қатар, заң жобасында жеке тұлғалардың табысы мен мүлкiн декларациялау мәселелерi бойынша заңнаманы жетiлдiру, оның iшiнде мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң қызметкерлерi үшiн декларациялау мерзiмiн 2017 жылдан 2020 жылға шегеру қарастырылған.

ДереккөзBaq.kz