Басты бетҚоғамАкадемик Кенжеғали...

Академик Кенжеғали Сағадиев қайтыс болды

Өкінішке қарай, жаппай тараған ауру біздің отбасымызға да жетті. Оны танитындардың бәрі оның терең ой-өрісін, жан дүниесін және жақын адамдарына деген қамқорлығын жақсы біледі. Өте жақсы өмір сүрген ұлы адам, — деді академиктің отбасы.

Кенжеғали Сағадиевтің отбасы жерлеу рәсіміне тек отбасы мүшелері қатысатынын айтты. Академикті еске алуға арналған басқа іс-шаралар 2021 жылы 25 шілдеде өтеді. Бұл марқұмның өсиеті екен.

Кенжеғали Сағадиев — көрнекті ғалым-экономист, профессор, Қазақстан Республикасына ғылым мен техника саласында еңбек сіңірген қайраткер. 445-тен аса ғылыми жұмыстың, оның ішінде 20 монография мен оқулықтың авторы.

Әр уақытта ол Қазақстанның 5 ірі жоғары оқу орнын басқарған. Ұлттық ғылым академиясының бас ғылыми хатшысы және президенті болған.

2012 жылдан 2014 жылға дейін Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші (2004-2007 ж.) және төртінші (2007-2011 ж.) шақырылымында депутат болып сайланған, Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болған (2004-2007 ж.).

Кенжеғали Сағадиев — бұрынғы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің әкесі.

Елбасы мемлекет және қоғам қайраткері, академик Кенжеғали Сағадиевтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.