Билік пен халық арасы жақындай түсуі керек

Әлемнің «ақылды қалаларының» біріне айналуды мақсат еткен Астанада қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы өмір сүру жағдайлары лайықты түрде жасалуы тиіс. «Smart Astana» тұжырымдамасы аясында жалпы білім беру мекемелерінің, емханалардың, коммуналдық қызметтер үшін төлем жасау пункттерінің және т.б. жұмысын жеңілдету және ықшамдау үшін жобалар белсенді түрде енгізілуде. Сапа тек тіршілікті қамтамасыз етудің маңызды мәселелерінде ғана емес, навигация, үйлестіру және қала тұрғындарымен кері байланыс орнату саласында да арттырылуы керек.

Тұрғындар мен коммуналдық қызметтердің арасын жақындату мақсатында құрылған «109» байланыс орталығы іске қосылып, күн сайын жүздеген қоңырау мен өтінім қабылдағанымен, толық режимге көшкен жоқ. Әкім аталған қызметтің, ондағы операторлардың жұмысындағы кемшіліктерді жойып, қала тұрғындарына арналған көмекші құралды 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін ұсынуды тапсырды.

Сонымен қатар, Ә. Жақсыбеков қалалық навигациялық жүйені орнатуда мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті тарту қажеттілігін, оның үстіне жобаны өз қаржысы есебінен жүзеге асыруға дайын инвесторлардың әкімдікке жүгінгенін атап өтті.

Отырыс барысында қоғамдық жерлерде халыққа тегін интернетті пайдалану мүмкіндігін беретін «Open Wi-Fi» жобасы да сөз болды. Интернеттің сапасына шағымдар айтылып жүр, жобаның өзімен көптен бері ешкім айналыспайды. Бірақ телекоммуникациялық желілер мәселесін шешіп, дұрыс ұйымдастырған жағдайда қаланы тұтастай интернетпен қамтамасыз етеді, ал жобаның өзі бизнес субъектілерінің есебінен тиімді болады. Жақын арада қоғамдық интернет жобасы қайта қаралмақ.

Дереккөзastana.gov.kz