23 шілде күні сағат 21.00-де Сәтбаев ішкі істер басқармасына 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түсті. Дереу іздестіру нәтижесінде бүлдіршін қаладағы бір үйден табылды. Жас қызды зорлады деген күдікпен бір азамат қамауға алынды. Бірақ бірнеше адам күдіктіні өз қолына беруді талап етіп, жанжал шығарды. Бұзақылық жасап, полицейлерге қарсылық танытты. Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылып, жағдай бақылауға алынды. Бұл оқиға бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс тіркелді, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Елдегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер бар күшін жұмсайды, — деді Ерлан Тұрғымбаев.
Ведомство басшысы азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге үндеді.
Әлеуметік желі арқылы тарап жатқан жалған ақпараттарға сенбеңіздер және оны таратпаңыздар, тек ресми ақпаратқа сеніңіздер. Ішкі істер министрлігі үнемі мониторинг жүргізіп, жағдайды бақылап отыр. Жалған, негізсіз ақпарат таратуға қатысты заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, — деді Ерлан Тұрғымбаев.