Басты бетҚоғамҚызылордада 243...

Қызылордада 243 мектептің оқушылары қашықтан оқиды

«Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде республикалық бюджеттен 8 миллиард теңге бөлініп, облыстағы 52 білім нысаны жөнделіп жатыр.

Қазіргі уақытта дейін Қызылорда облысында биыл 1-сыныпқа баратын 16207 баланың құжаты қабылданған. Білім басқармасының ақпараттық анализі бойынша биыл 1-сыныпқа 19 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттайды.

Биыл балаларды 1-сыныпқа қабылдауда ата-аналар мектепке балалардың құжаттарын екі түрлі жолмен өткізе алады. Медициналық анықтамалар уақытша талап етілмейді. Құжаттар қағаз жүзінде мектепке тапсырылады, онлайн Еgov порталы арқылы іске асады. Құжат қабылдауда ата-аналардан тек төрт құжат талап етіледі. Олар:
— ата-ананың немесе заңды өкілдерінің өтініші;
— баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
— «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысаны;
— 3х4 көлеміндегі фото.

Айта кетсек, Қызылорда облысында 293 мектеп бар. Білім беру ұйымдарында 21 мыңнан аса педагог қызмет етеді.