«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталды

ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша жыл сайынғы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы басталды.

Құжаттар 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап 31 қазанына дейін қабылданады.

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандық ұсынылып отыр.

Сонымен қатар бағдарлама шеңберінде оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтингілерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138  жоғары оқу орны бекітілген.

Басымдыққа ие мамандықтар тізімі:

https://www.bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/perechni/perechen-prioritetnykh-spetsialnostej.html

Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының тізімі: https://www.bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/perechni/spisok-rekomenduemykh-vuzov.html

Құжаттарды дайындау бойынша ұсыныстар:

https://bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/rekomendatsii/rekomendatsii-po-podgotovke-dokumentov.html