Жаңақорған ауруханасына кәсіпорындар көмек беріп жатыр

«Байкен-U» ЖШС кәсіпорны Жаңақорған ауданаралық ауруханасының санитарлық провизор орталығына екі дана оттегі концентраторы аппаратын жеткізсе, «Қызылқұм» ЖШС кәсіпорнынан 500 дана оттегі баллонын алуға 1 250 000 теңге қаржы аударған.

Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасының мәлімдеуінше, алдағы уақытта осындай игі істер жалғасын табады.