«Қазгидромет» мамандары 23-25 шілде күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Солтүстік-Батыс циклон жырасы Қазақстан аумағына қарай жылжиды. Соның әсерінен жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік жартысында толассыз жаңбыр болады. Найзағай ойнайды, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, ауа температурасы төмендейді, — деп хабарлады синоптиктер.
Сонымен бірге мамандар ауа райының қолайсыздығына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында ескерту жариялады. 23 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнайды, дауыл соғады, екпіні секундына 15-20 метр болатын жел тұрады.