Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, агенттік басшысы пандемия барлық мемлекетті, оның басқару жүйесін және бизнес процестерді қайта қалыптастыру арқылы нақты мәселелерді шешуге ғана емес, өзгерістерді тиімді басқару үшін шындап ойлануға себеп болғанын айтты.
Бүгінде әлемде мемлекеттік басқаруды жеделдету мен цифрландыру мәселесі өзекті. Оңтүстік Корея мен Сингапур сияқты дамыған және нақты жұмыс істейтін мемлекеттік электрон сервистері бар елдер пандемияны тез жеңуге болатынын көрсетті. Сондықтан біз бюджет қаражатын жымқыруға жол бермей, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға барынша ден қоюымыз қажет. Осы тұрғыда қазір Цифрлық даму, Білім және ғылым министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғаларына қатысты екі қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдегім келеді, — деді Алик Шпекбаев.