Басты бетҚоғамҚызылорда азаматтары...

Қызылорда азаматтары ауруханаға оттегі концентраторын табыстады

Оттегі баллондары індет жұқтырған науқастарға жеткізіліп жатыр. Аймаққа қарасты Сырдария ауданындағы ауруханада оттегі жеткізуші аппараттың жетіспеушілігі туындаған. Бұл мәселе облыс әкімдігі тарапынан және белсенді азаматтардың демеушілігімен шешімін тауып келеді.

Сырдария ауданының құрметті азаматы Әріп Қожбанов отбасысының атынан аудандық ауруханаға бір дана оттегі концентраторы табысталды.

Оттегі концентраторы
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Медицина қызметкерлері отбасының игілікті ісіне ризашылығын білдірді.

Аудандық ауруханаға жеткізілген оттегі аппаратының құны — 580 мың теңге. Бұл медициналық құрылғы екі науқасты емдеуге арналған.