Басты бет Басты «Дүние жүзі аруы-2015» байқауының тәжі қателікпен колумбиялыққа берілді

«Дүние жүзі аруы-2015» байқауының тәжі қателікпен колумбиялыққа берілді

«Дүние жүзі аруы-2015» байқауы кезінде тәжді колумбиялық арудың басына кигізгеннен кейін конверттегі жеңімпаздың есімін қате оқыдым деген конферансье көпшіліктен кешірім сұрады.

«Дүние жүзі аруы-2015» атағын Филиппин атынан шыққан 26 жастағы Пиа Алонсо жеңіп алды. Айтулы байқау АҚШ-тың Невада штатына қарайтын Лас-Вегас қаласында өткен болатын. Байқаудың қорытындыларын жариялау соңы үлкен дауға айналды. Байқау жүргізушісі жеңімпаз есімін жариялап жатып, жаңа «Дүние жүзі аруы» ретінде 21 жастағы колумбиялық Ариадна Гуттьересті таныстырды. Алайда колумбиялық сұлудың басына тәж киілгеннен кейін конферансье кешірім сұрап, берілген конверттегі жеңімпаз есімін қате оқығандығын мәлімдеді.

Осылайша Гуттьерес әйгілі байқауда 2-орынға ие болды. Ал үшінші орын АҚШ-тың намысын қорғаған 27 жастағы Оливия Джорданға бұйырды.
Фото:© AP Photo/John Locher

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version