Басты бетЖаңалықтарЭКСПО компаниясы:...

ЭКСПО компаниясы: Зардап шеккендер туралы ақпарат жалған

Бүгін, 16 қарашада шамамен түскі сағат 13.30 кезінде Астана EXPO-2017 көрмесінің декоративті көпір конструкциясы опырылып құлады. Көрме аумағындағы төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ болып шықты.

«Бұл құрылым тек декоративті болып табылады және оның ешқандай функционалдық қызметі жоқ. Жанындағы павильондарға зиян келмеді. Ал зардап шеккендер туралы ақпарат жалған», деп жазылған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті таратқан хабарламада.

Құлаған нысанды құрылыс мердігері BI Group компаниясы қалпына келтіреді.

Естеріңізге салып өтсек, бүгін түсте ЭКСПО көрмесі аумағында декоративті көпір құлаған еді. Оқиға орнына келген жедел жәрдем көлігінің бір жұмысшыны ауруханаға алып кеткені хабарланды.

ДереккөзBnews.kz