• Масканы ұстамай тұрып қолдың жуылғанына мән беру керек.
  • Жан-жағынан саңылау қалмайтындай етіп тағу қажет.
  • Маска таққанда ауыз, мұрын және иек жабық тұруы керек.
  • Маска таққан соң оған мүмкіндігінше қол тигізбеген дұрыс.
  • Масканы шешерден бұрын қолды жуған жөн.
  • Масканы құлаққа ілетін бауынан ұстап шешу керек.
  • Егер маска таза әрі құрғақ болып, қайта тағуға жараса, оны таза полиэтилен пакетке салып қою қажет.
  • Масканы пакеттен шығарғанда бауынан ұстап алу керек.
  • Матадан тігілген масканы кемінде күніне бір рет жуғыш заттармен жуу керек. Мүмкіндігінше ыстық суға жуған дұрыс.
  • Масканы шешкеннен кейін де қолды сабындап жуу керек.
  • Бетке тығыз болып тұратын масканы ғана таққан дұрыс. Бірақ маска тыныс алуға кедергі келтірсе, оның орнына басқасын таңдаған жөн.
  • Лас және ылғал масканы тағуға болмайды.
  • Бір метр арақашықта адам болса, масканы шешпеу керек.
  • Масканы мұрынның астына тағып жүруге болмайды.
  • Адам өзі тағып жүрген жеке маскасын басқа адамға беруіне болмайды.

Бұл — коронавирус кезіндегі маска тағудың маңызы туралы инфографика:

Маска тағу
Инфографика: Coronavirus2020.kz