Біздің мәліметтеріміз бойынша өкінішке қарай, 51 әріптесіміз қайтыс болды. Олардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. 13 шілдеде біздің басшылық, Мемлекет басшысы барлық қайтыс болған медицина қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады, 42 медицина қызметкері мемлекеттік награданы алды, — деді Тимур Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.
51 медицина қызметкерінің қаншасы пневмониядан, қаншасы коронавирус инфекциясынан қайтыс болғанын нақтылау үшін қойған журналист сұрағына Тимур Сұлтанғазиев барлығы коронавирустан қайтыс болды деп жауап берді.
Қазіргі уақытта осының барлығы COVID-19-дан деп саналады, — деді ол.
Айта кетейік, Қазақстанда 13 шілде күні коронавирустан қайтыс болған азаматтарды еске алу — Жалпыұлттық аза тұту күні болды. Бұл күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін 2 дәрігерге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді.