Агенттік басшысының сөзіне қарағанда, бүгінде Тұңғышбай Жаманқұлов 6 миллион теңгеге жуық қаржыны қайтарды. Сонымен қатар «Қазақфильм» алдындағы барлық берешегін төлейтіндігі туралы міндеттемені өзіне алып отыр.
Айта кетейік, тергеу «Қазақфильм» АҚ түсіретін фильмдердің бастапқы әзірлік және дайындық кезеңдеріне «Т.К.Turan Universal Business» ЖШС-на 79 млн теңге бөлгенін анықтады. Бұл соманың 69 млн теңгесін оның құрылтайшысы болып табылатын «Т.К.Turan Universal Business» ЖШС арқылы картинаның бас продюсері Тұңғышбай Жаманқұловтың жымқырғандығы хабарланды. Бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен ұсталған актер кінәсін толық мойындады. Өз айыбына өкініп, келтірген шығынды өтеуді мойнына алған Тұңғышбай Жаманқұлов кепілзатпен босатылып, қазіргі кезде үйінде.