Оның айтуынша, мұндай кезек арақашықтық сақтау ережесімен байланысты.
Алматы бас дәрігерінің шешімі бойынша адамдар бір-бірінен кем дегенде 1,5 метр алшақ тұруы қажет. Желіде Назарбаев көшесінде орналасқан қалалық дәріхана алдындағы кезек түсірілген видео көп. Ол жерде бұрыннан солай болатын. Қалалық дәріхана болған соң тұрғындар онда дәрі-дәрмек пен препарат көп деп ойлайды. Оның үстіне адамдар балаларымен, отбасы мүшелерімен бірге келеді. Барлығын бірдей дәріханаға кіргізе алмаймыз. Сол себепті олар далада күтіп тұрады, — деді Марина Дурманова.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы дәріханалары алдындағы ұзын-сонар кезек түсірілген фото-видеолар тараған еді.