Қазақстандық үш спортшы Олимпиада медалін қайтарады

Ауыр атлетикадан Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері Ирина Некрасова мен қола жүлдегер Мария Грабовецкая және грек-рим күресінен қола жүлдегер Әсет Мәмбетов медальдарынан айырылды. Олардың нәтижелері жойылды. Ал, спорттан қанша уақытқа шеттетілетіні туралы шешім кейін шығады.

ХОК тәртіптік комиссиясы осыған дейін ауыратлеттер Владимир Седовты, Майя Манезаны және Алмас Өтешовті дисквалификациялаған еді. Алайда қанша уақытқа шеттеткені әлі хабарланған жоқ. Сондай-ақ, дәл осы допингтің себебінен Лондон олимпиадасының чемпиондары: Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло және Светлана Подобедованы да алтындарынан айырған еді.