Бақыт Исмаханбетовтің айтуынша, жұмыс берушілер қызметкерлерінің тізімін ай сайын 25 күннен кешіктірмей электрон форматта ұсынуға тиіс. Олар Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына Msb.fms.kz сілтемеcі бойынша өтіп, тізімдегі БСН-мен ұйымын табуы керек. Тізімде БСН болмаған жағдайда ұйымды тіркеу мүмкін емес. Одан кейін электрон цифрлық қолтаңба арқылы заңды тұлға немесе ЖК тіркелуі және Қордың ақпараттық жүйесіне кіріп, қолданушы ретінде келісімге қол қоюы қажет. Осыдан кейін МӘМС төлеуден босатылған қызметкерлердің ЖСН-і қосылады – бұл Excel бір файлымен де, әр жеке қызметкерге де жасалуы мүмкін. Кейіннен деректерді қайта енгізудің қажеті жоқ, тек осы деректерді өзектендіру қажет болады. Бұл ақпарат ай сайын Мемлекеттік кіріс комитетіне берілетін болады.

Егер шағын және орта бизнес кәсіпорындарының бірінің қызметкері емханаға келіп, қандай да бір себеппен сақтандыру бойынша медициналық көмекке үміткер бола алмайтынын байқаса, онда ол деректерді Qoldau 24/7 мобайл қосымшасы арқылы өз бетінше жібере алады. Мысалы, қосымшаны жүктеу, электрон мекен-жайы, тегі, ЖСН, телефон нөмірі көрсетілген тіркелу және осындай форматтағы өтінішті жазуы қажет: «Мен, шағын және орта бизнес қызметкері, оның иесі салықтардан және әлеуметтік аударымдардан босатылған, бірақ сонымен бірге мен туралы ақпаратты медициналық сақтандыру қорына бермеген». Бұдан әрі ұйымның БСН, жұмыс берушінің ЖСН және өз ЖСН көрсетуі, осы жұмыс берушімен еңбек қатынастарын растайтын құжатты тіркеуі қажет (тағайындау туралы бұйрық немесе еңбек келісімшарты).

Операторлар жарты сағат ішінде осы ұйымның шағын және орта бизнес босатылған субъектілер тізіміне сәйкестігін салыстырып, жағдайды анықтайды және осы қызметкерге 1 айға мәртебе береді. Бұл жағдайда ол жұмыс берушімен Қордың ақпараттық жүйесі арқылы ол туралы ақпаратты енгізу туралы өтінішпен жүгінуі керек, өйткені қызметкер осы ақпаратты алғаннан кейін ғана сақтандырылған болып саналады.

Шағын және орта бизнес үшін жеңілдік кезеңін ұзарту – оларды қолдау шарасы. Бұл кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақысынан салық пен аударымдарды ұстамайды. Осы ретте олар медициналық сақтандыру пакетіне толық қол жеткізе алады. Бұған қоса, МӘМС үшін жарналар осы жылдың наурыз айында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне төленетін үстемеақылармен ұсталынбайды, — деді Бақыт Исмаханбетов.

Шағын және орта бизнес 29 санатының толық тізімімен Үкіметтің № 224 «Салық салу мәселелері бойынша экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» қаулысында танысуға болады.