«Астана» футбол клубы банкрот болды

«Клубтың 36 миллион теңге салық қарызы бар. Оны салық заңнамаларына сәйкес өтеу әрекеттері еш нәтиже бермеді. Сол себепті Астана қаласы Алматы ауданының мемлекеттік кіріс басқармасы «Астана» футбол клубын сотқа берді, делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, істі қарастырған Астана қаласының мамандандырылған экономикалық соты «Астана» Кәсіби футбол клубы»АҚ банкрот деп жариялады. Бұл процедура 9 айға жасалып отыр және шешім заңды күшіне енді.

ДереккөзЕгемен