Ақан Сатаев «Қазақфильм» президенті болып тағайындалды

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұжымға жаңа басшыны Мəдениет жəне спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов таныстырып, алдағы қызметіне сəттілік тіледі.

Бұған дейін бұл қызметті Арман Асенов атқарды.

Ақан Сатаев 1971 жылы Қарағандыда дүниеге келген. 1994 жылы Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін бітірген.

2003 жылы Sataifilm студиясының негізін қалап, 2007 жылы «Рэкетир» атты алғашқы толықметражды фильмін, «Адасқан» мистика триллерін (2009), «Ағайынды» сериалын (2009), «Ликвидатор» психологиялық драмасын (2011), «Жаужүрек мың бала» тарихи фильмін (2012) түсірген. Сонымен бірге «Районы» криминал драмасы мен «Анаға апарар жол» тарихи драмасының (2016), «Бизнесмены» (2018), «Томирис» (2019) фильмдерінің режиссеры.

2014 жылы киноиндустрия саласының үздік өкілі ретінде «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығына ие болды.

2016 жылы жас режиссерлерды қолдауға бағытталған Astana Film Found қорының негізін қалаған.