Денсаулық сақтау вице-министрінің айтуынша, пневмония диагнозы қойылған 330 науқастың жағдайы ауыр.
Бізден пневмония статистикасы туралы жиі сұрайды. Бүгінде ел бойынша стационарларда пневмониядан 28 мың пациент ем алып жатыр. Пациенттердің 98,9%-інің жағдайы орташа ауыр, 330 пациенттің жағдайы ауыр. Бұдан басқа стационарларда жедел респиратор вирус инфекциясы немесе басқа тұмау аурулары деген диагнозбен 4 мыңнан астам пациент емделіп жатыр, — деді Ажар Ғиният.
Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 109 науқас тіркелді.
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғаны расталған 49 683 науқас тіркелді. Бүгінге дейін коронавирустан 16 183 адам айықты, 264 пациент қайтыс болды.