Басты бетЖаңалықтарПрезидент жаңа...

Президент жаңа бақылаушы орган құру туралы шешімді мақұлдады

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудитор қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Осы Заң мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарын ұйымдастыру, қызметінің және өкілеттіктерінің бірыңғай қағидаттарын белгілеуге бағытталған.

 

Бұған дейін жобаны әзірлеушілердің бірі мәжілісмен Омархан Өксікбаев әлемдегі бірқатар ірі дағдарыспен ұштасқан аудитор мамандығына сенбеу экономика үшін өте жағымсыз салдар әкелетінін, сондықтан аудит сапасын бақылау рөлі арта түсетінін мәлімдеген болатын.

Жаңа заң бойынша, кәсіподақ кеңесі басқармасының құрамына Қаржы министрлігінің, АХҚО, KASE, кәсіби аудитор ұйымдардың өкілдері кіреді.