Кейінгі айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өсті. Мұны індеттің көрінісі ретінде қарастырып отырмыз. Бұл ретте жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны күрт көтерілген. Маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен, — деп жазды Бақытжан Сағынтаев.
Алматы әкімі қаланың денсаулық сақтау жүйесі жүктемесінің өсуіне орай алғашқы медицина көмегін беру қызметі күшейтілетіні туралы айтты.
Бүгінде коронавирустың таралуына байланысты қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүмкін ресурсы жұмылдырылды. Жұқпалы және провизор стационарларынан бөлек негізгі салмақ алғашқы медицина көмегі қызметіне жүктелді. Ең әуелі осы қызметке жүгінетіндіктен, бұл– медицина көмегін берудің негізі, — деді Бақытжан Сағынтаев.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, бүгінгі қалыптасқан жағдайда виртуал жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды. Емханаларда COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар пациенттерді мониторингілеу бойынша мобильді бригадалар құрылды.
Сонымен бірге Санжар Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетімен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты базасында пациенттерге мониторинг жүргізетін орталық ашылды.
Оның міндеті — қауіп тобындағы пациенттерді тәулік бойы бақылау және емдеу. Бұл бізге амбулатория деңгейінде, әсіресе, қарттар арасындағы асқынуларды азайтуға мүмкіндік береді, — деп жазды Бақытжан Сағынтаев.