Басты бет Жаңалықтар Қазақстандықтар қандай көлікті утилизацияға жіберуге дайын?

Қазақстандықтар қандай көлікті утилизацияға жіберуге дайын?

Утилизация - қалдықтарды пайдаға асыру, яғни істен шыққан немесе ескі көліктерді екінші рет өңдеуге жіберу арқылы, пайдаға асыру. Бұл жоба елімізде 2016 жылдың шілде айынан бастап қолға алынды.

2016 жылдың 1 қазан және 9 қараша аралығында ескі көліктерді утилизацияға жіберу туралы кеңестер алып, өтініш беру үшін «Оператор РОП» орталығына 354 адам жүгінген. Оның ішінде Астана, Павлодар, Алматы және Өскемен қалалары көш бастап тұр.

Орталықтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандықтардың утилизацияға жиі жіберетін көлігі ВАЗ-2101 болып шықты. Одан кейін «Москвич-412» мен Mazda 323 тұр. Сондай-ақ, 1960-1970 жылдары шыққан көліктер де утилизацияға жиі ұшырайды. Ал, орталыққа келген көлік иелерінің басым бөлігі 50-70 жас шамасында.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 21 қарашасынан бастап, утилизациялаудың жаңа, жеңілдетілген түрі іске қосылады.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа жоба аясында адамдар көлікті қолма-қол ақшаға айырбастай алады:

  • Жүріп тұрған автомобиль үшін — 150 мың теңге;
  • Істен шыққан көліктер үшін — 48 мың теңге. Алайда, көліктің шанағы, есіктері, қозғалтқышы болуы шарт.

Аталған жоба аясында жыл соңына дейін 10 мың ескі көлікті екінші рет өңдеп, пайдаға асыру жоспарланған.

1 пікір

  1. Неге ескі көлікті тапсыру керек.хобби етіп жинаган тамаша дүние 150000 ғана ма?оның құны дәл сол баға бірақ доллор бойынша болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version