Инфекцияның ел ішіне кең тарауының себептері бар. Халықтың ескертуге құлақ аспайды, немқұрайлы болып отыр десем артық емес. Дүниежүзі бойынша инфекцияны 10 миллионнан астам адам жұқтырып, 500 мыңнан астам адам қайтыс болса да, біздің ел тығылып той тойлайды, бетперде киюді әлі де ұят санайды. Мысалы, амбарларға тығылып той жасау, артқы есіктен кіріп қыз ұзату, аулаға той жасау, құдалық өткізу, ас беру, туған күн тойлау сияқты тағы басқа шаралар толып жатыр. Оған өздеріңіз де куә. Осындай әр шараның соңында кемінде 20-дан астам адам ауруханаға түсіп, қайтыс болып жатқандар да бар, — деді Ералы Тоғжанов.
Сонымен бірге Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бекітілген санитария және эпидемиология талаптарын бұзған азаматтарға қанша айыппұл салатынын айтты.
Жеке тұлғалаларға 83 мың теңге, заңды тұлғаларға 600 мың теңгеден астам айыппұл салынатыны белгілі болды, — деді ол.