Биыл 44,2 миллиард теңге сомасындағы үш жобаның құрылысы басталды.
«Қазақстан Аквакультура ЛТД» ЖШС — Арал ауданында жылына 4 мың тонна балықты терең өңдейтін зауыт іске қосылады. Жобаның құны — 160 миллион теңге. Жоба аясында 100 жаңа жұмыс орнын құру қарастырылған.
«Қармақшы құс» ЖШС — Қармақшы ауданында жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын іске қосуды жоспарлап отыр. Жобаның құны — 1,9 миллиард теңге, өндірісте шамамен 50 адам жұмыспен қамтылады.
Үшінші жоба — Қызылордада табақ шыны өндіретін зауыт құрылысы. Жобаны Orda Glass ЖШС жүзеге асырады. Зауыттың жылдық қуаты — 197,1 мың тонна. Ал құны — 42,1 миллиард теңге. Зауыттың іске қосылған уақытта 226 адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Арал ауданында Qazaq Camel ЖШС түйе сүтінен жылына 130 тоннаға дейін құрғақ ұнтақ өндіретін зауыттың құрылысы бойынша жобаны іске асыруды бастады. Жобаның құны — 1,5 миллиард теңге. Кәсіпорын 150 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Арал ауданында «Арал Сода» ЖШС-нің жылдық қуаты 120 мың тонна болатын тамақ тұзын өндіретін жаңа испан цехын салу жобасын іске асырып жатыр. Жобаның құны — 2,9 миллиард теңге. Өндірісте 150 адам жұмыспен қамтылады.
2020 жылдың екінші жарты жылдығында тағы екі жоба іске асады. Арал ауданында қуаты жылына 300 мың тонна кальцийленген сода өндіретін зауыттың құрылысы басталады. Жобаны «Арал Сода» ЖШС жүзеге асырады. Жобаның құны — 93,5 миллиард теңге. Зауытты пайдалануға беру арқылы 699 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
ABK Prom Service ЖШС Қызылордада жоғары қысымды шыны пластик желілік және сорғы-компрессор құбырларды өндіретін зауыт құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Зауыттың қуаты — жылына 300 шақырым құбыр шығару. Құны 1,8 миллиард теңге болатын зауыт шамамен 80 адамды жұмыспен қамтиды.