Медицина хаттамасына сәйкес, Мәжіліс төрағасы коронавирусты бақылау тестінен өтіп, тест вирустың жоқ екенін көрсетті, — деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың коронавирустан айыққаны хабарланған еді.
Еске салайық, 17 маусым күні Нұрлан Нығматулиннен коронавирус анықталды. Ол COVID-19 инфекциясының симптомсыз түрін жұқтырған.
Сол кезде Мәжілістің баспасөз қызметі Нұрлан Нығматулин әр жалпы отырыстың алдында тексеріліп тұрғанын хабарлады. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан коронавирус анықталғаннан кейін тексерілген кезде ол инфекция жұқтырған болып шықты.