Суық хабарды естіп, сене алмай, Камал ағама телефон шалдым. Арғы жағынан жеңешем алды. Жүректен кетіпті. Амал қанша, жатқан жері жайлы болсын! Ағамызды ертең, яғни 1 шілде күні шығарып салады, — деп жазды ол.
Ғабдыкамал Қоңқараев 1956 жылы 28 мамырда Қытай Халық Республикасында туған. Кейіннен Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданына қоныс аударып, сонда өсті. Ол 49 жасында кәсіби сиқыршы болды.
Сиқыршы Қытайда, Түркияда және Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық фестивальдерге қатысты. Алматы циркінде қызмет етті.