Алексей Цойдың айтуынша, Үкімет коронавирустың жаппай тарауының алдын алған.
Енді Денсаулық сақтау министрі COVID-19 инфекциясының одан әрі тарауына жол бермеу үшін енгізілетін 10 шара туралы айтты:
— амбулаторлық деңгейде инфекцияны емдеудің қарапайым және түсінікті нұсқаулығын дайындау;
— дәрі-дәрмектерді жеткізу және сатып алу процедурасын жеделдету, отандық өндірушілерді ынталандыру;
— COVID-19 диагностикасында цифрлық рентген аппараттарын компьютер томографиясымен бірге қолдану арқылы қолжетімді ету;
— сынақ зертханаларының мүмкіндіктерін кеңейту, коронавирусты анықтайтын тестіні уақытында жеткізу;
— шақырту кезінде мобиль топтардың сынақ қоршауларын ұйымдастыру;
— науқастарға үйінде ең қауіпсіз медициналық көмек беру;
— амбулаторлық деңгейде қашықтан кеңес беру;
— ауруханаларды жасанды тыныс беру аппаратымен жабдықтау;
— жерлеу тәртібін өзгерту;
— азаматтарға эпидемиологиялық ескертуді арттыру.