Басты бетЖаңалықтарҰлттық футбол...

Ұлттық футбол құрамасының бас жаттықтырушысына кімдер үміткер?

Станимир Стойлов (Болгария, «Астана»)

Ұлттық құрама үшін ең тиімді шешім, алайда «Астана» құрамасы үшін емес. Себебі астаналық клуб Стойловтың жаттықтыруымен екі жыл қатарынан күзгі еурокубокқа шықты. «Егер ол Ұлттық құрамаға бас жаттықтырушы болса, айтарлықтай өзгеріс енгізбейді, тек ойын техникасына ден қойып, ойыншыларға соны жақсылап түсіндіреді» деп жазады sports.kz.

Владимир Муханов (Ресей, «Оқжетпес»)

Мухановтың Қазақстанда еңбек етіп келе жатқанына бірнеше жыл болды. Ол «Ақтөбе» құрамасын жаттықтырып жүргенде-ақ, көпшілік ұлттық құрамаға ауысуын күткен еді, алайда ол «Оқжетпесті» таңдады.

Sports.kz тілшілерінің жазуынша, ұлттық құрамаға осындай «ойынды дұрыс қоя алатын жаттықтырушы» керек.

Юрий Красножан (Ресей)

Жанкүйерлер Байсуфиновты әлі күнге дейін Красножанмен салыстырады. Ол қазақстандық құрамадан еңбекақысына бола кеткен еді. Енді оны қайтарудың сәті түсіп тұр.

Владимир Вайсс (Словакия, Грузия құрамасы)

Вайсс Грузия ұлттық футбол құрамасынан айына 20 мың доллар еңбекақы алады. Салыстырмалы түрде алсақ, бұл бас жаттықтырушы үшін көп сома емес. Оның басшылығымен грузиндер төрт кездесудің екеуін теңбе-тең аяқтаған. Ал, жуырда өз алаңдарында молдовандардан жеңілді. Сондықтан, оны Қазақстанға алып келу мүмкіндігі бар, алайда нәтиже берер-бермесі екіталай.

Димитар Димитров (Болгария, «Иртыш»)

Димитров — ұлттық құрама үшін ең тиімді нұсқалардың бірі. Себебі, Павлодарда жүргенде нәтижелі еңбегімен жанкүйерлердің сүйіктісіне айналған еді. Қазір де Болгарияның ұлттық құрамасында жемісті еңбек етіп келеді.

Дереккөзsports.kz