Басты бет Жаңалықтар ДДҰ коронавирус пандемиясының екінші толқыны қауіпті болатынын айтты

ДДҰ коронавирус пандемиясының екінші толқыны қауіпті болатынын айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бас директорының стратегиялық мәселелер жөніндегі көмекшісі Раньери Герра дүниежүзінде коронавирус пандемиясының екінші толқыны болса, миллиондаған адам қайтыс болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлады. 

Фото: Aa.com.t/Fatemeh Bahrami

Дәрігер қазіргі пандемияны ХХ ғасырдың басындағы «испан тұмауымен» салыстырып, коронавирустың жаһан ауқымында тарауы «ДДҰ-да болжағандай өршіп келе жатқанын» атап өтті. Ол коронавирус инфекциясына байланысты Еуропада және дүниежүзінің басқа да өңірлеріндегі карантин шараларының босаңсуы аясында мәлімдеме жасаған.

Испан тұмауы мен COVID-19 екеуі бірдей болып тұр. Жазда ол сәл азайып, қыркүйек, қазанда өрши бастады. Нәтижесінде екінші толқын кезінде 50 миллион адам қайтыс болған. Пандемия біз болжағандай болып жатыр, — деді ДДҰ өкілі.

Раньери Герра
Фото: Tengrinews.kz

Euronews хабарлауынша, ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының мамандары Еуропада шектеу шараларын жойғаннан кейін коронавирустың белсенді таралуына алаңдаған. Сарапшылардың айтуынша, егер шұғыл шаралар қолданылмаса, Еуропа елдерінің денсаулық сақтау жүйесі қайтадан бұзылуы мүмкін.

Exit mobile version