Басты бет Жаңалықтар Қазақстан коронавирус тез таралып жатқан елдер қатарына енді

Қазақстан коронавирус тез таралып жатқан елдер қатарына енді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтың бюро директоры Ханс Клюге Еуропада COVID-19-дың жаңа толқыны басталғанын мәлімдеді. Сонымен бірге, коронавирус инфекциясы өршіп тұрған елдерді атады. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Кейінгі екі аптада 30 мемлекетте жаңа науқастар саны күрт өсті. Олардың ішіндегі 11 елде вирустың жылдам тарауы үлкен қауіп туғызып отыр, — деді ол баспасөз жиынында.

Кейінірек ДДСҰ өкілі вирус жылдам тарап жатқан елдердің қатарына Армения, Швеция, Молдавия, Солтүстік Македония, Әзербайжан, Қазақстан, Албания, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Украина мен Косово кіретінін хабарлады.

Exit mobile version