Әлеуметтік желіде Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылында арыстанның серуендеп жүргені түсірілген видео тарады деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жігіттер, арыстан жүр, абай болыңдар. Әрине, қызық, бірақ абай болыңдар, — дейді видео авторы.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 25 маусымда болған.
Шамамен сағат 05.30-да 102 кезекші пультіне Ақшұқыр ауылында арыстанның жүргені туралы хабарлама түсті. Дереу Департамент басшылығы, Табиғатты қорғау полициясы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шықты, — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Кейін арыстанды ұстапты. Ол аман-сау. Қазір арыстанның қайдан пайда болғаны анықталып жатыр.