Жаңа Жер аймағынан келетін солтүстік циклонның әсерінен республиканың солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс бөлігінде қатты жаңбыр жауады. 26 маусымда циклонның артынан Солтүстік-батыс суық антициклоны ығысады және республиканың солтүстік бөлігінде ауа ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 12-17 жылыға дейін төмендейді. Сонымен бірге Қазақстанның кей жерінде жел күшейеді, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.