10 жыл бұрын бұл компания жайында ешкім білмейтін. Кішкентай ғана дүңгіршекті жалға алып, қаржы нарығындағы алғашқы қадамын бастаған кезде ол араға жылдар салып қарыштап дамитынына сол компанияны ашқан азамат ғана сенген сияқты. Ол алдына үлкен мақсат қойды, басы-қасында өзі жүрді, алдынан кездескен қиындықтарға мойымай, даму жолында аянып қалмады. Рас, уақыт жылжып, жылдар өтті, бүгінде бұл компанияның еліміздің әр қаласы мен облысында 30 филиалы бар, өзінің мыңдаған клиенті қалыптасты. Адамгершілік пен адалдыққа сүйене отырып, халықтың қаржы қиындықтарын шешіп жүрген бұл компанияның аты — TASCREDIT.

Көлікте радио тыңдап келе жатып осы компанияның жарнамасын естіген боларсыз немесе билбордтардан көрген шығарсыз? Қаржы нарығында оның өз орны бар. Көлік жүргізу құқығы мен автокөлік кепіліне несие береді және осы сегментте көшбасшылардың бірі. Бұл мекеме TAS GROUP компаниялар тобына кіреді. TAS GROUP атауы да «тас» деген сөзден басталып отыр. Компаниялар тобын Дулат Тастекеев құрған, «тас» сөзі қайдан шыққанын енді білесіздер.

TAS GROUP компаниялар тобына TASCREDIT-тен бөлек тағы бірнеше қаржы мекемесі кіреді. Атап айтсақ, валюта айырбастау операцияларымен айналысатын TAS EXCHANGE, жылжымайтын мүлік кепілдігіне микрокредит беретін TAS MICROFINANCE, жылдық 20%-ке дейінгі тиімді инвестиция салумен айналысатын FINANCE INVESTMENT GROUP, ТМД елдерінде автокөлік кепіліне онлайн несие беретін алғашқы әрі әзірше жалғыз компания — TASCREDIT ONLINE. Ресей Федерациясының аумағындағы «38 қаржы тобы» да Дулат Тастекеев басқаратын команданың халықаралық деңгейде қанат жайып келе жатқанын аңғартады. Алдағы 5 жыл ішінде 10 мемлекеттен филиал ашуды мақсат етіп отырған TAS GROUP компаниялар тобы дүниежүзі нарығында бәсекеге түсе алатын жоғары технологиялы және инновациялы қаржы компаниясы болуды көздейді.

Қазіргі кезде компания цифр жағынан түрленіп жатыр. Адамдар күнделікті қаржы мәселелерінің қазіргі заманғы шешімін күтеді. TASCREDIT ONLINE оларды шешуге көмектеседі. Атап айтқанда, бұл бірегей жоба шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қызық, пандемия жағдайында онлайн режимде автокредиттеу қызметтерін де ұсынады. Клиентке кеңсеге келудің қажеті жоқ, салым нысанын онлайн тексеруге болады және ақша клиенттің шотына аударылады. Кепілді тіркеу клиенттің жеке қатысуынсыз да жүзеге асырылады.

Компания биыл автокредит алудың жаңа өнімін шығаруды да жоспарлап отыр.

TAS GROUP компаниялар тобы облигация шығарумен де айналысады, компания инвесторларына жылдық 20%-ке дейін төлейді. Инвестиция өнімі жеке тұлғаларға ғана емес, заңды тұлғаларға да үдемелі дамып келе жатқан бизнеске қаржы құюға мүмкіндік береді.

Компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін де ұмытпайды. TAS GROUP компаниялар тобына кіретін мекемелер жылдық пайдасының белгілі бір мөлшерін ASSYLTAS қоғамдық қорына бөлу арқылы қазақ тіліне, мәдениетіне, спортына, ғылымына, әдебиетіне көңіл бөліп, көп жобаға демеушілік көрсетіп жүр. Карантин уақытында көп баласы бар және баланы жалғыз асырап отырған 200 үйге 25 000 теңгеден үлестірді.

TAS GROUP Үкімет пен Ұлттық банктің талабы бойынша төтенше жағдай кезінде 2500-ден астам клиенттің төлем мерзімін шегеріп берді.

Дулат Тастекеев бастаған ұжым ауқымды мақсатқа жету үшін қандай қадам жасау керек екенін нақты түсінеді. Жуырда команда микроқаржы нарығының құрылымы мен мазмұнын өзгертпек. Дұрыс корпоратив мәдениет пен қызметкерлердің үздіксіз дамуы жоғары сапалы қызмет көрсетуге және клиенттерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Қазір компаниялар тобында 300-ден астам адам жұмыс істейді. TAS GROUP болашақта қаржы нарығын өзгертіп, оны халыққа жақындата түспек ниетте және негізгі ойыншыға айналуды мақсат тұтады.