Басты бетЖаңалықтарЕрежені бұзған...

Ережені бұзған 164 бала ҰБТ-ға қатыстырылған жоқ

ҰБТ-ға қатыстырылмаған түлектер бекітілген талапты бұзған.

Тестілеуге 73 бала жіберілген жоқ, 91-і ҰБТ өткізу ережесін бұзғаны үшін тестілеу кезінде шығарылды. Ереже бұзғаны үшін барлығы 164 адам тестілеуге қатыстырылмады, — деп хабарлады Наужан Дидарбекова.

Тағы бірнеше түлек қызуы көтерілгеніне байланысты сынаққа қатыстырылмаған.

Кеше екі адам температурасы көтеріліп келді, олар тестілеуге жіберілген жоқ, оларға тестілеу бөлек күні бөлек аудиторияда өткізіледі. Мұндай адамдар науқастармен байланыс жасаған немесе ауырған болса, коронавирус инфекциясын жұқтырмағаны туралы анықтама алып келуі керек, — деді Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары.

Айта кетейік, алғашқы күні ҰБТ-ны 6,5 мың бала тапсыруы керек болған.