Қазақстанда халықаралық рейстер қайта ашылады

Отандық және шетел әуе компаниялары халықаралық рейстер кестесін алдын ала дайындады. Рейстер әуе компаниялардың веб-сайттарында жарияланған кестеге сай орындалады. Әуе компаниялары рейстер кестесін түзетуі мүмкін.

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін халықаралық бағыттарға, атап айтқанда кестеде көрсетілген бағыттар бойынша (Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд және Грузия бағыттары бойынша) әуе билеттері сатыла бастады.

Қытайда шектеу шараларының енгізілуіне байланысты қазақстандық және шетел әуе компанияларының кестесі қарастырылып жатыр.

Рейстер санитария шаралары қатаң сақталғанда орындалады. Қазақстан Республикасының көлік саласындағы бас санитария дәрігері осы елдердегі жағдайды қадағалайды және ахуал нашарлаған кезде тиісті шаралар қарастырады.