Басты бетҚоғамҚызылорда облысында жылу беру маусымына дайындық басталды

Қызылорда облысында жылу беру маусымына дайындық басталды

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлауынша, өңірде жылу беру маусымына 12 маусымнан бастап дайындалып жатыр.

Мамандар 1 қазанға дейін жұмыстарды аяқтап, 15 қазанда жылу маусымын іске қосуды жоспарлап отыр, — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Қызылордаға жылу тарататын 186 шақырым болатын желінің 42%-інің тозығы жеткен. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеті объектінің құбырлары ауыстырылады. Бұл іске 200-ге жуық Қызылорда облысы тұрғыны тартылып, жұмысқа орналасты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да