Қызылорда облысы күн белсенділігі бойынша республика көлемінде көшбасшы. Табиғаттың ерекше сыйын ескере отырып, өңірде жаңартылатын электр энергиясының көздерін дамытуға көп көңіл бөлініп жатыр. Облыстағы күн сәулесінің орташа жылдық ұзақтығы — 3 мың сағаттан көп. Бұл — күн электр станцияларын салу және дамыту үшін үлкен әлеует.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, өңірде Ұлыбритания, Франция және Болгария инвесторларының қатысуымен жаңартылатын энергия көздері бойынша үш жоба жүзеге асырылып жатыр. Ауқымды жобалардың жалпы құны — 47 миллиард теңге. Олардың екеуі жұмысын 2019 жылы бастады.
Облыстың Жалағаш ауданындағы күн электр станциясының құрылысын TotalEren француз компаниясы жүргізсе, Шиелі ауданындағы станцияның құрылысын британдық BaikonyrSolar компаниясы жүргізіде, — делінген хабарламада.
2020 жылдың соңына дейін болгариялық HydroEnergy компаниясы жалпы құны 3,2 миллиард АҚШ доллары болатын күн электр станциясының құрылысын аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Электр энергиясын өндірудің жылдық жоспарлы көлемі, шамамен сағатына 19 миллион кВт болады. Бұл жоба Жаңақорған ауданында жүзеге асырыл жатыр.