Бұл құбылыс «Суперай» деп аталады. Ол енді тек 2034 жылдың 25 қарашасында ғана қайталанады, деп хабарлайды NASA сайты. Олар мұны Ай мен Жердің арақашықтығы 30 мың шақырымға дейін қысқаратындығымен түсіндіреді. Ал Ай көлемі әдеттегісінен 15%-ға үлкенірек болады. Әдетте әуесқой астрономдар бұл құбылысты камераға түсіріп алып, онысын ғаламторға жариялап, жұртпен бөліседі.
Бүгін ең жарық Айды көруге болады — NASA
Бүгін Жер мен Ай 1948 жылдан бері бір-біріне ең жақын арақашықтықта айналып өтеді. Бұл туралы АҚШ ғарыш агенттігі хабарлайды.