Басты бетЖаңалықтарСиноптиктер көп...

Синоптиктер көп өңірде күн райы бұзылатынын ескертті

Бейсенбіде Ақмола облысында және Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысында да найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейіп, дауыл тұрады.

Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Ақтөбе, Қостанай облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Алматы, Павлодар, Қарағанды, Түркістан облыстарында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады.

Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болады. Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі күшейеді.