Коронавирус инфекциясы бірден жеті адамның өліміне себеп болды

Ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, қайғылы оқиғалар Алматыда және Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстарында тіркелді.

Түркістан облысында 1945 және 1974 жылдары туған ер азаматтар, Батыс Қазақстан облысында 1932 жылы туған әйел адам және 1941 жылы туған ер адам, Қарағанды облысында 1949 және 1939 жылдары туған ер азаматтар, Алматыда 1965 жылғы ер адам қайтыс болды, — деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.

Адам өлімін зерттеу жөніндегі комиссия науқастар коронавирус инфекциясынан қайтыс болды деген шешім шығарды.

Қазақстанда коронавирус барлығы 88 адамның өліміне себеп болды:

Нұр-Сұлтан — 15;

Алматы — 13;

Павлодар облысы — 13;

Шымкент — 11;

Қарағанды облысы — 9;

Ақмола облысы — 6;

Батыс Қазақстан облысы — 6;

Түркістан облысы — 5;

Атырау облысы — 3;

Қостанай облысы — 2;

Маңғыстау облысы — 2;

Ақтөбе облысы — 1;

Шығыс Қазақстан облысы — 1;

Жамбыл облысы — 1.