Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысында...

Түркістан облысында тауға шыққан оқушылардың бірі қаза тапты

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 маусымда күндіз «Біркөлік» демалыс аймағынан 25 адам тауға шыққан. Оның үшеуі — тәрбиеші, қалғаны — бала. Топтан алты оқушы мен бір тәрбиеші бөлініп, таудан бөлек түскен. Жолда үш оқушы адасып кеткен.

Сағат 22.48-де таудан түскен тәрбиеші «112» қызметіне хабар берген. Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы, жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері бірден іздеуге аттанған.

16 маусым ауған түні құтқарушылар 2003 жылы туған оқушының мәйітін тапты, ол таудан құлап кетіп, қайтыс болған. Таңертең қалған екі бала қай жерде екені анықталып, 5 сағаттан соң құтқарылды, олар зардап шеккен жоқ.

Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы альпинистердің жабдығын пайдаланып, балаларды таудан түсірді. Сағат 11.48-де бір жасөспірім қауіпті биіктен түсіріліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді, дәрігерлер қарады, жағдайы жақсы, дене жарақаты жоқ. Құтқарушылар 12.50-де екінші жасөспірімді 50 метр биікке көтеріп, ары қарай 1,5 сағаттан артық уақыт бойы сүрлеумен жаяу түсірді. Іздеу-құтқару жұмысына барлығы 33 адам мен 11 техника жұмылды, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысы, құтқару операциясы

Құтқару операциясы. Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Қазақстанда оқыс оқиғалардан 2 тәулікте бес бала қайтыс болды