Ондағы мәлімет бойынша биыл Алматыда 56 мың жұмыс орны, оның ішінде 25 мыңы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша ашылады. Бағдарлама аясында жол жөндеу, қоғамдық кеңістіктер мен басқа да орындарды абаттандыру жобалары жүзеге асады.
Жұмыс іздеген қала тұрғындары қалалық жұмыспен қамту орталығына жүгінеді. Екі қолға бір күрек іздеген 27 мың азаматтың 13,5 мыңы жұмыспен қамтылды. Олардың арасында күзет компаниясына жұмысқа тұрған Дина Ерекешова бар, — деп жазды Бақытжан Сағынтаев.
Алматы тұрғыны Дина Ерекешова ұзақ уақыт жұмыс таба алмаған. Кейін жұмыспен қамту орталығына барып, бос орындардың арасынан күзет агенттігінің әкімшісі болуды таңдаған.
Біздегі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында үш бағыт бар: қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі, — деп хабарлады Алматы әкімі.