АҚШ жаңа президенті Дональд Трамп 1 доллар жалақы алады

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп өзінің жалақысынан бас тартатынын айтты.

«Заң бойынша мен кемінде 1 доллар жалақы алуым керек. Яғни, мен 1 доллар жалақы аламын»,-деді саясаткер.

Forbes оның жеке байлығын 3,7 миллиард долларға бағалады.

Трамп өзінің жалақысынан бас тартқаны үшінші президент болмақ. Мұндай қадамға кезінде Герберт Гувер мен Джон Кеннеди де барған болатын. Олар өздерінің президент болып тұрғандағы жалақыларын қайрымдылыққа аударды деп жазады Life.

Естеріңізге сала кетейік, республикашыл Дональд Трамп 8 қараша күні өткен АҚШ президентінің сайлауында сайлаушылардың 290 мың даусын жинап, жеңіске жетті.

ДереккөзҚазАқпарат